Қызылордада мал суаруға барған адам суға батып кетті

0
718

Марқұмның жансыз денесін тұрғындар өз күшімен шығарып алған.


Қызылордада мал суаруға барған адам суға батып кетті

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында мал суаруға барған 62 жастағы адам канал суына батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылында болды. Сол аумақтағы «Жасұлан» каналына мал суаруға барған 1959 жылғы азамат мұздың ойылып кетуі салдарынан каналға суға батып кеткен. Марқұмның жансыз денесін тұрғындар өз күшімен шығарып алған. Төтенше жағдайлар мамандары және полицияға кейіннен хабарланған.

«Біз тұрғындардан қысқы уақытта мұзда жүруде сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Қауіпсіздікке баса назар аударылуы қажет», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.