Қызылордада пара алған мектеп директорына айыппұл салынды

0
1 451

Ол 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.


Қызылордада пара алған мектеп директорына айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы № 4 орта мектептің директоры пара алғаны үшін сотталды, деп жазады Тengrinews.kz.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін азаматты жұмысқа орналастыру үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған Сәкен Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің директоры А.Ж. Алтынбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.

"Ағымдағы жылдың 26 қарашасында №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен шенеунік осы сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру арқылы 9 миллион теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.