Қызылордада үш жастағы сәби тоққа түсіп, қайтыс болды

0
563

2017 жылы дүниеге келген бала ата-анасының бақылауынсыз қалған.


Қызылордада үш жастағы сәби тоққа түсіп, қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында үш жастағы сәби электр тогына түсіп, қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 29 шілдеде жергілікті уақытпен 12.10-да облыс орталығындағы Әл-Фараби көшесі бойында орналасқан жеке үйде тіркелді. 2017 жылы дүниеге келген бала ата-анасының бақылауынсыз қалған.

«Сәби токқа жалғанған электр сымының жанында ойнаған. Электр тогына түсіп қалған ол оқиға орнында қайтыс болды. Облыс көлемінде мұндай жағдай биыл екінші мәрте тіркеліп отыр. Бұдан бұрын да үш жастағы ер бала тоққа түсіп, көз жұмған еді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.