Қызылордада жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

0
654

Оқиға Қызылорда қаласының орталық бөлігінде болды.


Қызылордада жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында түнгі уақытта жасөспірімдер өзара келіспей, жаппай төбелес болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға Қызылорда қаласының орталық бөлігінде болды. Түнгі уақытта жасөспірімдер өзара келіспей, шу шығарған. Сол жерде патрульдік полиция қызметкерлері бірнеше жасөспірімді ұстады.

«Кәмелетке толмағандар қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Дене жарақатын алып, зардап шеккендер жоқ. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.