Қызылордада жол апатынан 2 адам көз жұмды

0
1 034

Апат Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының бойында болған


Қызылордада жол апатынан 2 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында 7 маусым күні жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, деп жазады almaty.tv.

Апат Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының бойында болған.

«Mitsubishi Galant» маркалы автокөлік «Audi S4» маркалы автокөлікпен соқтығысып қалған. Оқиға орнында екі адам қайтыс болды. «Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.