Қызылордаға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді

0
701

Өзбекстаннан 240 мыңға жуық медициналық зат жеткізілген.


Қызылордаға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді

ERNUR.KZ. Бүгін Қызылорда облысына Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келіп жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Өзбекстаннан 240 мыңға жуық медициналық зат жеткізілген. Онда емдеу мекемелеріне қажетті медициналық қолғаптар, қорғаныш киімдер, арнайы көзілдіріктер бар. Бұл заттар облыстағы барлық ауруханалар мен емханаларға таратылып берілді.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордаға Қытайдан гуманитарлық жүк жеткізілген еді.