Қызылордалық ірі мұнай компаниясына 102 млн теңге айыппұл салынды

0
543

Жыл басынан бері табиғат пайдаланушы компаниялар 52 рет заң бұзған.


Қызылордалық ірі мұнай компаниясына 102 млн теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Қызылордалық ірі мұнай компаниясына 102 млн теңге айыппұл салынды. Біріккен кәсіпорынға тиесілі Ақшабұлақ кенішінде ауаға азот және көміртек оксиді түріндегі ластағыш заттардың мөлшерден бірнеше есе артық төгіліп келгені анықталды, деп хабарлайды Хабар24.

Бірақ қара алтын өндіруші мекеме Экология департаменті мамандарының таққан айыптарымен келіспей, облыстағы мамандандырылған ауданаралық сотына бірнеше рет шағым түсіріпті. Мән-жайды саралаған сот органдары экологтардың ұйғарымы дұрыс деген шешім шығарды.

«Шарттарға, жобалық құжаттарға сәйкес жекелеген алауларға газды жағуға рұқсат берілмейді. Соның нәтижесінде кен орындарында алауларды бей-берекет жағу деген мәселе жүйеге түсіп келе жатыр. Департаментпен ірі мұнай өндіруші компанияларға қоршаған ортаны қорғау саласындағы профилактикалық бақылау шараларын жыл сайын жүргізіп отырамыз», - деді облыс бойынша Экология департаментінің бөлім басшысы Толыбек Әбдіхалықов.

Жалпы, жыл басынан бері табиғат пайдаланушы компаниялар 52 рет өрескел заң бұзған. Олардан 744 миллион теңге айыппұл өндірілді.