Қызының басындағы битке қарсы дәрі жағамын деп өлтіріп алды

0
3 482

Алматы облысында 2 және 5 жасар қыздар малды залалсыздандыратын құралдан уланып қалған.


Қызының басындағы битке қарсы дәрі жағамын деп өлтіріп алды

ERNUR.KZ. Алматы облысында 2 және 5 жасар қыздар малды залалсыздандыратын құралдан уланып қалған. Дәрігерлердің айтуынша, 2 жасар қыз ауруханада қайтыс болған, ал екіншісінің өмірін аман алып қалу мүмкін болған, деп жазады Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 25 қазанда Талғар ауданы Туғанбай ауылында болған.

"Анасы қызының басындағы биттерді алып тастаймын деп қыздарына су араласқан неоцидол жаққан. Кейіннен балалар құсып, әлсіреп, тіпті есінен танып қалған", - деп хабарлады Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

5 жасар қыз басы ауырып, құсып, есінен танып ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған қажетті барлық көмекті көрсеткен. Қызға неоцидолден уланған деген диагноз қойылып, 29 қазанда ол ауруханадан шығарылған. Неоцидолдың малдарды кенелерден және басқа жәндіктерден, жануарлардан залалсыздандыратын құрал екені айтылады. Ол препарат адам организміне немесе денесінің ашық учаскелеріне түскен жағдайда ол өліп кетуі мүмкін.