KZ доменіне 25 жыл толды

0
913

1994 жылдың 19 қыркүйегінде ".KZ" ұлттық домені тіркелді.


KZ доменіне 25 жыл толды

ERNUR.KZ. KZ доменінің пайда болғанына 25 жыл толды, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай еске салып қойды.
- 1994 жылдың 19 қыркүйегінде ".KZ" ұлттық домені тіркелді. Содан бері бұл күн Қазнеттің туған күні болып саналады. Қазақстандықтардың өмірінде интернеттің маңызы зор. Бұл білім, ойын-сауық және қарым-қатынас құралы. Интернеттің арқасында әлемдегі барлық кітапханалар қол жетімді болып отыр, - деп жазды ол.