Латын графикасымен сот қызметкерлері диктант жазды

0
2 353

Диктант жазу алдында іс-шараға қатысушыларға латын әліпбиі таратылды.


 Латын графикасымен сот қызметкерлері диктант жазды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласының №2 сотындада латын графикасын оқып үйрену үшін іс-шаралар жасалуда. Оның бірі – латын әліпбиімен диктант жазу болды, деп жазады BAQ.KZ.

"Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру болып табылады. Диктант жазу алдында іс-шараға қатысушыларға латын әліпбиі таратылды. Қатысушылар қызығушылық пен белсендік көрсетіп, тапсырманы жақсы орындап шықты" - деп хабарлайды Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізде болса, 26.10.2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын бекітті. Аталған жарлықты орындау үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия құрылған.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Үкіметімен қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Барлық кезеңдерінде, іс-шаралар ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта конференциялар, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, жарияланымдар, бейнеблогтар және т.б. жоспарланған.