​Лифт ішінде педофил жас қызды зорламақ болған

0
2 442

Желіде видебақылау камерасына жазылған видео таралып жатыр.


​Лифт ішінде педофил жас қызды зорламақ болған

фото ok.ru

Екібастұзда ер адам тұрғын үй лифтінде кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушыларының хабарына қарағанда, ер адам лифтті тоқтату батырмасы істен шыққандықтан ойлаған ісін жүзеге асыра алмаған.

Желіде видебақылау камерасына жазылған видео таралып жатыр. Онда ер адамның қызды дүкенге кірген сәтінен аңдып тұрғаны көрінеді. Қаскөй қыздың артынан тұрғын үйге кіріп, бірнеше минуттан кейін қашып шығады.

Күдікті түсірілген видеоны қала тұрғындары бірден WhatsApp арқылы тарата бастаған. Ал кейінірек қаскөйдің ұсталғаны жайлы мәлімет таралды.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз орталығындағылар жедел іздестіру шараларының барысында қала полицейлерінің 39 жастағы ер адамды анықтап, ұстағанын хабарлады.

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 124-баптары бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.