Людмила Бюрабекова: Вакциналау – инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі

0
532

Екпе жасау жыл сайын әлемде 3 млн-нан астам адамның өмірін қорғайды.


Людмила Бюрабекова: Вакциналау – инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі

ERNUR.KZ. Вакциналау инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі болып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Соңғы кездері вакцинация мәселесі әлеуметтік желілерде белсенді талқылаудан өтіп жатыр. Министрлік алаңында осы бағытта бірнеше мәрте онлайн талқылау өткізіп, екпе жасау маңыздылығын түсіндірдік. Бұл шараларға сарапшылар, Парламент депутаттары, дәрігерлер мен танымал журналистер қатысты. Бүгінгі талқылау барысында ата-аналарды толғандырған барлық сұрақтарға жауап береміз деп ойлаймын», - деді Л. Бюрабекова Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференцияда.

Сонымен қатар ол статистикалық мәліметтерге тоқталды.

«Вакциналау инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, екпе жасау жыл сайын 3 млн-нан адамның өмірін қорғайды», - деді Людмила Бюрабекова.