​Мәдениет басқармасына жаңа басшы келді

0
1 469

Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали хабарлады


​Мәдениет басқармасына жаңа басшы келді

ERNUR.KZ. Руслан Бикенев Ақмола облысының мәдениет басқармасына басшы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Руслан Төлегенұлы 1973 жыл туған. Шымкент педагогикалық институтын «Мәдени-ағартушылық жұмысы» мамандығы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік академияны «Мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ақққайын аудандық мәдениет бөлімінің басшылығынан бастады. 2000-2004 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауданы әкімінің орынбасары, 2004 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы, 2017 жылдан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде қолжазба және сирек кітаптар ұлттық орталығында директор қызметтерін атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени саябағының директоры болды.