Мәдениет министрлігі Денис Тен жайында таралымы 2000 дана кітап шығарады

0
1 482

ҚР Спорт және мәдениет министрлігі қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы жайында «Біздің Денис» атты кітаптың қосымша 2 мың данасын әзірлеп жатыр.


Мәдениет министрлігі Денис Тен жайында таралымы 2000 дана кітап шығарады

ERNUR.KZ.ҚР Спорт және мәдениет министрлігі қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы жайында «Біздің Денис» атты кітаптың қосымша 2 мың данасын әзірлеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз Денис туралы барлық мағлұматтарды жинастырып, аталмыш кітапты бір түннің ішінде шығардық. Оны сырғанаушымен қоштасу рәсімі кезінде Барыс-Аренада тараттық. Сондай-ақ, қосымша ақпарат жинақтап, 2000 дана таралыммен шығаруды жоспарлап отырмыз, - деді министрліктің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.

Оның айтуынша, қайғылы жағдайда қаза тапқан қазақстандық спортшының өмірі жайында жазылған еңбек әр түрлі жерлерде таратылатын болады.

«Аудандық, ауылдық, өңірлік, облыстық деңгейде тарату ойымызда бар. Республикалық маңызы бар қалалардың кітапханаларына да жеткіземіз. Сондай-ақ, кітаптарды біздің мекемеге қарасты спорт мектептеріне таратуды жоспарлап отырмыз», - деді А. Қырықбай.

Баспасөз хатшысы кітаптың 10 беті Денис Тенмен қоштасу кезінде танымал отандастарымыз айтқан сөздермен толығатынын жеткізді.

«Ертең барлығын дайындап, соңына жеткіземіз деп отырмыз. Әрине, туындыны кітапханалардан да алып оқуға болады. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтынан электрондық нұсқада қарап шығуға жағдай жасалған», - деді А. Қырықбай.

Еске салайық, 19 шілде күні Денис Тен көлік ұрыларының шабуылы салдарынан көп қан жоғалтып, ауруханада қаза тапты. Алматы қаласының ІІД Денис Теннің өліміне күдікті екі азаматты ұстады.