Мәдениет және спорт министрлігінің парамен ұсталған қызметкері үйқамаққа алынды

1
1 170

Қазіргі уақытта аталмыш іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр


Мәдениет және спорт министрлігінің парамен ұсталған қызметкері үйқамаққа алынды

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев үйқамаққа алынды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқан органның Еренай Дәржібаевты санкцияланған шара қолдану арқылы 2 айға, яғни 24 желтоқсанға дейін үйқамаққа алу өтінішін қанағаттандырды, - деп хабарлады аталмыш соттың баспасөз қызметі.

Айта кетсек, бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды қызметкерлерінің парамен ұсталу жағдайына қатысты пікір білдірген болатын.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мәдениет және спорт министрлігі уәкілі жемқорлық күдігімен ұсталды.