"Маған айтпай, мамасына айтпай...": Қабатов қызына қатысты жағдай туралы желіде видео жариялады

0
44 644

"Мен біреудің грантын жұлып алғым келіп тұрған жоқ", деп ақталады әзілкеш.


Белгілі әзілкеш әрі актер Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ-ны басқа адам тапсырғаны туралы ақпаратқа орай өзінің хабарсыз болғанын білдіретін видео жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Армысыздар құрметті Отандастар! Кешелі бері қызу талқыланып жатқан келеңсіз оқиғаның шын мәнісінде қалай болғаны туралы түсіндіре кеткенді жөн санадым. Ата-ана ретінде бұл оқиға бізге де өте ауыр тиіп отыр. Қолдау білдіріп жатқан жандарға зор рахмет.

Оқиға бойынша айтарым осы видеода", - деп жазды Қабатов өзінің инстаграм парақшасында.




Видеода әзілкеш болған жағдайдан өзі де, әйелі де хабырсыз болғанын айтады.

"Мен біреудің грантын жұлып алғым келіп тұрған жоқ", - деп ақталады Қабатов.

Бірақ әзілкештің видеоүндеуіне оқырмандар сенімсіздік танытуда. Олар: "Театр ғой мынау, басқа нәрсе ойлап тапшы", "Тағы бір қойылым", "200 пайыз өтірік", "Халықты жынды қылып отырсың ба?", "Әкесі мен анасы қалай білмей қалмаған" деген пікірлер қалдырған.