​Мәйіттерді зерттеуден ақша тапқан парақорлар ұсталды

0
1 248

Екеуі өз кінәсін мойындады.


​Мәйіттерді зерттеуден ақша тапқан парақорлар ұсталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі патологоанатомдық қызметке заңсыз жарнама жасап, сол үшін пара алған сот сараптама институтының басшылығын құрықтады, деп xабарлайды ERNUR.KZ. inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің сөзіне қарағанда, «Қарағанды облысы бойынша сот сараптамасы институты» РМКК-нің директоры Ибатов және оның орынбасары Нармағамбетов параны жүйелі түрде алып отырған.

"Олар өз лауазымын пайдаланып, марқұм болғандардың туысқандарына ақылы түрде патологоанатомиялық зерттеу қызметін көрсететін жеке ұйымға баруға кеңес берген. Сол үшін аталған ұйымнан 35-40 мың теңге көлемінде пара алып отырды. Екеуі өз кінәсін мойындады. Осыған байланысты күдіктілерге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу жүргізілуде", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.