Мақпал Жұмабай «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасының орынбасары болды

0
931

Мақпал Жұмабай 2018 жылдан бүгінге дейін «Balapan» телеарнасының директоры қызметін атқарып келген.


Мақпал Жұмабай «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасының орынбасары болды

ERNUR.KZ. Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен журналист Мақпал Жұмабай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсенбайқызы жазды.

«Мақпал Жұмабай Корпорацияда 13 жылдан бері қызмет етіп келеді. «Qazaqstan телеарнасының Таңғы бағдарламалар бірлестігінің шеф-редакторы, «Balapan» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері міндеттерін атқарды. 2018 жылдан бүгінге дейін «Balapan» телеарнасының директоры қызметін атқарып келді»,-делінген хабарламада.