Малайзия әуе компаниялары Қазақстанның 11 қаласына тұрақты рейстер ашады

0
903

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде ірі малайзиялық Air Asia X лоукостерінің өкілдері 2020 жылдың 2 тоқсанында Қазақстанға рейс ашу бойынша жоспарларды растады.


Малайзия әуе компаниялары Қазақстанның 11 қаласына тұрақты рейстер ашады

ERNUR.KZ. Әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы 12-ші іс-шараның (ICAN 2019) аясында қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық биліктерімен келіссөздер жүргізді, деп жазады Елорда Инфо.

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Малайзия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде ірі малайзиялық Air Asia X лоукостерінің өкілдері 2020 жылдың 2 тоқсанында Қазақстанға рейс ашу бойынша жоспарларды растады.