Мале мен Минскіден келген жолаушылардан коронавирус анықталды

0
2 303

4 398 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 366 адам, анықтамасыз 32 жолаушы келген.


Мале мен Минскіден келген жолаушылардан коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. 23 наурызда ел аумағына Индия, Корея Республикасы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді, деп жазады baq.kz.

4 398 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 366 адам, анықтамасыз 32 жолаушы келген.
Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 734 жолаушы, анықтамамен - 2 707, анықтамасыз - 27;

Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, 609 жолаушы анықтамамен келген;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен - 469; анықтамасыз - 5;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 339 жолаушы анықтамамен келген;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 242 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген жолаушылар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

22 наурызда шетелден анықтамасыз келген жолаушылардың ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 20 азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Мале – Алматы рейсімен, екінші жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.