Маңғыстау мен Шымкенттің полицейлері төбелесіп қалған

0
1 578

Маңғыстаулық учаскелік инспектор жол ережесін бұзған


Маңғыстау мен Шымкенттің полицейлері төбелесіп қалған

иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының учаскелік инспекторы Шымкент қалалық ІІД қызметкерлерімен төбелескен. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

ІІМ өкілінің хабарлауынша, Шымкентте 12 тамызда жол ережесін бұзғаны үшін Маңғыстау облысы жергілікті полиция қызметінің инспекторы жүргізген көлік тоқтатылған.

"Жүргізуші мен оның жолаушысы - Түркістан облысы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мас күйде Шымкент қаласы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының инспекторына физикалық күш көрсетіп, қарсыласқан", - дейді Сәдубаев.

Қазір ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігі ("Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.