Маңғыстау облыстық ПД прокурор мен полицияның аудиожазбасына қатысты тергеуді бастады

0
678

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласының полиция қызметкері мен Маңғыстау облысының прокуроры арасындағы әңгіменің аудио жазбасы талады.


Маңғыстау облыстық ПД прокурор мен полицияның аудиожазбасына қатысты тергеуді бастады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының полициясы әлеуметтік желіде жарияланған аудио жазбаға байланысты ішкі тергеуді бастады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, аудиода полиция қызметкері мен облыс прокурорының арасындағы іңгіме тіркелген, деп жазады zakon.kz.

Бүгін, 14 мамырда саясаттанушы Ербол Еділовтің Telegram каналында 21 минуттық аудио жазба пайда болды. Онда Ақтау қаласының полиция қызметкері мен Маңғыстау облысының прокуроры арасындағы әңгіме тіркелген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, полиция қызметкерін қызметтен кетіргелі жатыр. Әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбиді. Ол жұмысынан кетірмес үшін прокурордың көмегіне жүгінеді. Ол оған ақшаға көмектесе алатын адамға жолықтыруға келіседі. Ал ол адам Маңғыстау облысындағы жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы көрінеді.

Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 14 мамырда, Еділовтың Telegram парақшасынан полиция қызметкері мен прокурордың көлік ішіндегі әңгімесінің дыбыстық жазбасы жарияланғаны анықталды. Аудио жазбаға сәйкес, Маңғыстау облысының полиция басқармасы қызметтік тергеуді бастады, деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.