Маңғыстау облысында браконьерлердің жасырын қоймасы табылды

0
389

Оған қатысы бар адамдар іздестіріліп жатыр.


Маңғыстау облысында браконьерлердің жасырын қоймасы табылды

ERNUR.KZ. 26 сәуірде ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері іс-шара барысында өнеркәсіптік тоңазытқыштарда сақталған 3 тонна бекіре тектес балық жасырылған қойма табылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеуді бастап, биоресурстарды заңсыз жолмен өндіруге және оларды сатуға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруда.

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде браконьерлік әрекеттің жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.