Маңғыстау облысында төбелестен 25 жастағы азамат көз жұмды

0
1 240

Облыстық ауруханаға екі белгісіз азамат өлі жігіттің денесін әкелген.


Маңғыстау облысында төбелестен 25 жастағы азамат көз жұмды
ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық ауруханасында төбелес салдарынан көз жұмған 25 жастағы жігіт жеткізілген, деп жазады NUR.KZ.30 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық ауруханасына екі белгісіз азамат өлі жігіттің денесін әкелген.

Аурухананың қабылдау бөлімі меңгерушісі Айтқали Шалабаевтың айтуынша, артынша олар көзден таса болған екен.

"1993 жылы туған азаматтың ауруханаға келгенде өлі болғаны анықталды. Барлық тергеу істері Мұнайлы ауданының ішкі істер басқармасына тапсырылды", - деді Айтқали Шалабаев.

Есімін жасыруды сұраған азаматтардың айтуынша, азамат төбелестен соң қайтыс болған. Ал текетірес Мұнайлы ауданының Қызытөбе ауылында екі азаматтың арасында болған. Жәбірленушінің кеудесіне арматурамен соққы жасалған көрінеді.