Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

0
423

Ресми мәліметке сәйкес, әйелдердің бірі жүкті болған.


Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Кәмелетке толмаған 4 бала ауыр жараланды, деп жазады 24.kz.

Қайғылы дерек жергілікті уақытпен түнгі 2 шамасында Қарақия ауданын Ақтаумен қосатын трассада тіркелді. 27 жастағы қыз тізгіндеген Lexus маркалы жүрдек көлік кенет жолда аударылады. Автокөлік жүргізушісі, салонда болған 2 келіншек пен 2 ер адамды құтқару мүмкін болмады.

Ресми мәліметке сәйкес, әйелдердің бірі жүкті болған. Куәгерлер 2, 9 және 10 жастағы балаларды Жетібай аудандық ауруханасына жеткізеді. Екеуінің жағдайы ауыр. 8 жасар тағы бір жеткіншек бірден өңірлік балалар ауруханасына жатқызылып, тыныс алу аппаратына қосылды.

"Зардап шеккендерге дәрігерлер бас миының шайқалуы, жабық бас сүйек-ми зақымы, маңдай мен шынтақ буындарының жарақаты, зақымданудан есеңгіреу диагнозын қойған. Екі баланың жағдайы тұрақты ауыр. Үшінші баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бүгін 3 бала да санитарлық авиацияның көмегімен облыстық балалар ауруханасына ауыстырылады деп күтілуде", - деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы, Нұрбол Оқуов.

"Қарақия ауданы полиция бөліміне бүгін түнде Ақтау-Жаңаөзен трассасының 52 шақырымында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында көлік иесі мен 4 жолаушы қаза тапты. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибадуллаева.