Маңғыстау облысында жел электр станциясы іске қосылды

0
2 447

Ақшұқыр ауылында қуаты 5 МВт болатын жел электр станциясы пайдалануға берілді.


Маңғыстау облысында жел электр станциясы іске қосылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында 782 млн теңгенің жел электр станциясы іске қосылды, деп жазады 7kun.kz.

Облыстық әкімдіктің ақпараты бойынша, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында қуаты 5 МВт болатын жел электр станциясы пайдалануға берілді.

«Нысан құрылысы 2017 жылдың күзінде басталған болатын, ол үш жел энергетикалық қондырғысынан тұрады », — деп толықтырды агенттік.

Электр энергиясын тұтынушылар ауыл тұрғындары болады.

Сонымен қатар, облыста күн және жел энергиясын, сондай-ақ энергия сақтау құрылғыларын қолданатын гибридтік станциялар салу жоспарланып отыр.

«Мұнайлы және Түпқараған аудандарында осы жобалар үшін жер учаскелері орналасқан, бизнес-жоспары бойынша инвестициялардың соңғы пайдасы бес жылдан жеті жылға дейін күтіледі, бәрі желдің күшіне және біз қалай өндіретінімізге байланысты. Себебі болжам бір, ал іс жүзінде басқа болуы мүмкін», — деді жоба өкілі Гүлнәр Әбитова.

Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, өңірде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту аясында 2018 жылдың мамыр айынан бастап қуаты 2 МВт күн электр станциясы пайдаланылуда. Мұнайлы ауданының Батыр ауылында СЭС іске қосылды. Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Жандос Сәлімовтың айтуынша, жобаның құны 1,2 млрд теңгені құрады.