Маңғыстау облысында жеткіншекті ат тепті

0
1 299

Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарған, науқас ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.


Маңғыстау облысында жеткіншекті ат тепті

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында 13 жасар баланың бетіне ат тепті, деп жазады Zakon.kz.

Жапа шеккен жеткіншектің жағдайы туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев айтып берді.

"2019 жылы 26 наурыз күні Маңғыстау облысының балалар ауруханасына Түпқараған ауданына қарасты С. Шапағатов ауылынан "ауыр ашық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен шұғыл түрде 13 жастағы бала түсті. Маңдай қуысы мен сол жақ орбитаның медиалды қабырғасы жарылған. Миы қатты жарақаттанған. Мұрынан қан кеткен. Мұрын сүйегі сынған. 2-3 дәрежелі шок алған. Ауыр дәрежелі қансыраудан болатын анемия". Баланың ата-анасының айтуынша, ол жарақатты аттан құлап түсіп, артынша оның тебу нәтижесінде алған көрінеді", - деді Азамат Сәрсенбаев.

Лор дәрігер шұғыл түрде ота жасап, баланың мұрын сүйегін орнына салу арқылы жұтыншағының артқы жағын тығындаған.

Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарған, науқас ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.