Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза болды

0
826

Автокөлік түйені қағып кеткен.


Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза болды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында автокөлік түйені қағып кетіп, салдарынан екі адам қаза тапты, деп жазады Тengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы 9 қарашада Жаңаөзен - Батыр тасжолында болған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер екі адамның қайтыс болғанын, оның ішінде төрт жасар бала болғанын тіркеуге алған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері таратқан хабарламаға сенсек, 19:00 шамасында автокөлік түйені қағып кеткен. Көлікте төрт адам болған. Зардап шеккен екі адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен.

2019 жылы маусымда Атырауда көлік түйемен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапқан еді. Осы оқиғадан соң Атыруда жылқыларға және түйелердің мойнына жарық шағылыстыратын таспа ілінетіні айтылған.