​Маңғыстау облысының жастары жаһандық деңгейдегі шараларды өткізеді

0
1 070

Алғашқысы аймаққа шекаралас төрт мемлекет өкілдерінің басын қосатын «Жастар достығы - 2019» форумы. Ал мамыр айында "Жастар марафоны" ұйымдастырылады.


​Маңғыстау облысының жастары жаһандық деңгейдегі шараларды өткізеді

ERNUR.KZ. Маңғыстаулық жастар биыл жаһандық деңгейдегі екі бірдей шара өткізбекші, деп жазады 24.kz.

Алғашқысы аймаққа шекаралас төрт мемлекет өкілдерінің басын қосатын «Жастар достығы - 2019» форумы. Ақтау саммитінің бір жылдығы шеңберінде өткелі тұрған ауқымды шара тамыз айына жоспарланған.

Ал жастар марафоны мамырда ұйымдастырылады. Оған тек Каспий маңы ғана емес, дүниежүзі мемлекеттері қатысады. Бұл туралы «Жастар жылы - жаңа мүмкіндіктер» атты облыстық жастар форумында айтылды. Аймақ әкімі Ералы Тоғжанов қатысқан жиында белсенді жастар ұсынған бірнеше жоба қолдау тапты. Сондай-ақ 2019 жылға арналған Жол картасы аясында жүзеге асатын 100 нақты шара таныстырылды.

Мейірлан Хажгереев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы: - «Жастар практикасы» арқылы мыңнан астам жасты жұмыс орнына жолдап, тұрақты қызметпен қамтитын боламыз. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 250 жасты ауылдық жерлерге тартып, оларға нақты әлеуметтік қолдаулар көрсетілетін болады. «Нұр-Капитал» деген өңірлік бағдарлама бар. Осы бағдарлама шеңберінде жастарға 1 млннан 30 млнға дейін бизнес-жобалар қаржыландырып, олардың өз ісімен айналысуына мүмкіндік туатын болады.