Маңғыстауда арнайы операция: 17 адам ұсталды

0
900

Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында бір мезгілде төрт түрлі топтан 17 адам ұсталды.


Маңғыстауда арнайы операция: 17 адам ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше ай көлемінде ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Маңғыстау облысының криминогендік ахуалына елеулі әсері бар ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты жедел тексеру іс-шараларын жүзеге асырды, деп жазады baq.kz.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ұйымдасқан топ мүшелерінің ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде адам өлтіруге оқталу, адам ұрлау, қарақшылық шабуыл жасау және басқа да фактілерге қатыстылықтары анықталып, құжатталды.

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ ауқымды арнайыіс-шараны өткізді, оның барысында Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында бір мезгілде төрт түрлі топтан 17 адам ұсталды.

Олардың мекен-жайлары бойынша жүргізілген тінту жұмыстары барысында 3 дана тапанша мен 1 дана дыбыссөндіргіш, 8 дана кесілген аңшы қарауы, 1 дана «Сайга» карабині, 1 дана ұсақ калибрлі винтовка, 5 дана травматикалық тапанша, 218 дана оқ-дәрі, түрлі суық қарулар (пышақтар, кастеттер және т.б.) табылып, дәлелдемелік зат ретінде алынды.

ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ қызметкерлерінен құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.