​Маңғыстауда автогаз станциясында болған өрттің себеп-салдары анықталуда

0
1 219

Оқиға болған жерге жеке құрамнан 11 адам, Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы мамандандырылған 2 техникасы жетті.


​Маңғыстауда автогаз станциясында болған өрттің себеп-салдары анықталуда

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 5 қазан күні «КазГПЗ» зауытының маңында автогаз станциясында газ тасымалдаушы көлікке газ құйып жатқан кезде жарылыс болып, екі көлік өртенді. Оқиғаның мән-жайын ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Өрт арнайы қызмет өкілдері келгенше сөндіріліп үлгерген. Оқиғаның салдарынан қатты күйік алған 1976 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза болды. Сондай-ақ 1966 жылы туған әйел адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға болған жерге жеке құрамнан 11 адам, Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы мамандандырылған 2 техникасы жетті. Өрттің себеп-салдары нақтылануда.