Маңғыстауда биіктігі 17 метрлік жасанды шырша өртенді

0
1 007

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы Маңғыстау кентінің орталық алаңында тұрған жаңажылдық жасанды шырша өртенді.


Маңғыстауда биіктігі 17 метрлік жасанды шырша өртенді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жасанды шырша өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін таңғы 06:10-да Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы Маңғыстау кентінің орталық алаңында тұрған жаңажылдық жасанды шырша өртенді.

«Шыршаның биіктігі – 17 метр. Өрт сөндірушілердің күш салуымен қызыл жалын таңғы 06:25-те өшірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала себеп – электр желісінің қысқа тұйықталуы» делінген хабарламада.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 5 адам және бір техника жұмылдырылды.