​Маңғыстауда ер адам абайсызда өз-өзін атып жіберді

0
1 119

Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр xалде.


​Маңғыстауда ер адам абайсызда өз-өзін атып жіберді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғыны өз-өзін атып алды. Ол бүгін кеуде тұсына оқ тиіп, аудандық ауруxанаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Ер адам Шетпе аудандық ауруxанасына ауыр xалде түскен. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер дереу науқасқа ота жасауға кіріскен. Дәрігер-реаниматолог, xирургия бөлімінің жетекшісі, анестезиолог дәрігер жасаған ота сәтті шығып, ер адамның жағдайы тұрақталған. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр xалде. МО ПД баспасөз қызметінің xабарлауынша, ер адам өз-өзін атып жіберген.

«Аталған факті расталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары басталды. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады» делінген xабарламада.