Маңғыстауда қару ұстағандарды қуып жүргендердің видеосы тарады

0
720

Ұсталғандардың екеуі полиция инспекторы болып қызмет атқарады.


Маңғыстауда қару ұстағандарды қуып жүргендердің видеосы тарады

ERNUR.KZ. Инспекторлар Қызылсай табиғи паркінің аумағынан қарулы төрт адамды ұстады. Олардың көлігінен өлі арқар табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторы Талғат Аленов мәлімдеді, деп жазады "Лада" порталы.

Қарулы адамдар Қызылсай мемлекеттік табиғи паркінде 23 сәуірде ұсталды. Табиғат қорғау инспекторлары заң талаптарына бағынбаған Toyota Hilux маркалы көлігін тоқтатты.

- Инспекторлар көлікті тексеру барысында Қазақстан Республикасының төрт азаматын ұстады. Олардан патрондары бар аңшылық мылтық табылды. Ал ұсталған жерден алыс емес жерден атылған арқар табылды, - деп хабарлады Талғат Аленов.

Оқиға орнына тергеу тобы шақырылды. Инспекция қызметкерлері қосымша ақпарат құзыретті органдардың мүддесі үшін жария етілмейтінін айтты.

- Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, - деді Талғат Аленов.

Ақтау тұрғыны Азамат Сәрсенбаев Facebook парақшасында хабарлағандай, ұсталғандардың екеуі Маңғыстау ауданының учаскелік полиция инспекторлары болып қызмет атқарады.