Маңғыстауда құрғақшылықтан зардап шеккен ауыл тұрғындары 900 млн теңге алды

0
877

Маңғыстауда ауыл шаруашылығы малдарының аналық басына азық шығындарын ішінара өтеуге үкіметтің резервінен 1,9 млрд теңге бөлінді.


Маңғыстауда құрғақшылықтан зардап шеккен ауыл тұрғындары 900 млн теңге алды

ERNUR.KZ. Қыркүйек айында тағы 1 млрд теңге игеріледі, деп inbusiness.kz.

Құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысының шамамен 500 шаруа қожалығы мен 5 мыңнан астам жеке қожалығы үкімет резервінен бөлінген 900 млн -теңге алды.

Маңғыстауда ауыл шаруашылығы малдарының аналық басына азық шығындарын ішінара өтеуге үкіметтің резервінен 1,9 млрд теңге бөлінді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл хабарлағандай, қазіргі таңда бөлінген қаражаттың 50% игерілді, 5275 жеке қосалқы шаруашылық 611,3 млн теңге, 500 шаруа қожалығы 277,4 млн теңге алды.

Сонымен қатар, өңірдің аграршыларына қазан-қараша айларында жергілікті бюджеттен 700 млн теңге бөлу жоспарланған. Аталған қаражат мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар түрінде берілетін болады. Қазіргі уақытта шаруашылықтарды жемшөппен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа шамамен 1 мың тонна шөп сатып алынды, Қостанай облысынан 546 тонна арпа жеткізілді. Арпаны сату және айналым қаражатына жем-шөп сатып алу жалғасуда. 107 млн теңгеге 3 және 4 сұрыпты 15 вагон сатып алынды. Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда құрғақшылықтан Маңғыстау облысында 1 мыңнан астам мал сойылды.