Маңғыстауда мұнай қалдықтарында жүзіп жүрген аққудың видеосы пайда болды

0
822

Видео Солтүстік Бозашы кен орны маңында түсірілген.


Маңғыстауда мұнай қалдықтарында жүзіп жүрген аққудың видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарында жүзіп жүрген жабайы аққудың видеосы пайда болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Видео Youtube-та жарияланды. Кадрларда құс мұнай сияқты майлы сұйықтықта жүзіп жүр. Кадр сыртындағылар құстың осындай жағдайға бейімделе алғанына аң-таң.



Куәгерлердің айтуынша, видео Солтүстік Бозашы кен орны маңында түсірілген. Қазір оқиға болған жерге Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері шықты.