Маңғыстауда шөл далада адасқан аққулар табылды

0
2 771

Құстарды байқаған тұрғын дереу құзырлы органдарға хабар берген.


Маңғыстауда шөл далада адасқан аққулар табылды

ERNUR.KZ. Маңғыстаудың шөл даласынан бір топ аққу табылды. Ен далада шөлден әлсіреген құстарды Боранқұл ауылының тұрғыны байқаған, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол аққуларды үйіне әкеліп, суармақ болғанымен олар адам қолынан су ішпепті. Құстарға маманның көмегі керегін түсінген тұрғын дереу құзырлы органдарға хабар берді. 10 аққудың 4-еуі өз бетінше ұшып кеткен. Тағы 3-еуі шөлге шыдамапты. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің инспекторлары қалған 3 аққуды Ақтау қаласына әкеліп, «Қаракөл» көліне жіберді.

"Жол бойы су шашып аққулардың жағдайын қарап отырдық. Тамақтандырып, су беріп. Табиғатта көмегін тигізгендей жол бойы жаңбыр сіркіріп тұрды. Келген аққулардың денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы", - дейді Қызылсай мемлекеттік өңірлік табиғи паркі "Көлеңкелі" қаумалының басшысы Ізжан Қалқанов.