Маңғыстауда танкішілердің атысы өтті

0
1 434

Танкішілер шартты нысаналар бойынша Т-72 танкісінің қару- жарағынан дәлдеп ату шеберліктерін паш етті.


Маңғыстауда танкішілердің атысы өтті

Ақтаудағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының танк экипаждары штаттық снарядтармен атыс жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Танкішілер шартты нысаналар бойынша Т-72 танкісінің қару- жарағынан дәлдеп ату шеберліктерін паш етті. Экипаждар бақылау оқ атудың бірінші жаттығуын орындады. Оның барысында 1600 метр қашықтықтан шартты танктер бойынша 900 метрге дейінгі қашықтықтан автомобильде қол танкіге қарсы гранатаатқыш пен серпілмейтін зеңбірек және 700 метрден қол танкіге қарсы гранатаатқышпен оқ атуды жүргізді.

Одан басқа, танкішілер танкіге атыс жиынтығын салу, танктің бөлімшесі мен қару-жарағын жорықтық қалыптан жауынгерлікке және кері қарай көшіру жөніндегі практикалық нормативтерді орындады.

Оқ атуларды өткізудің басты мақсаты әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, штаттық қару-жарақтан олардың оқ ату шеберліктерін жетілдіру, атысты басқаруды дұрыс ұйымдастырудағы практикалық машықты игеру болды.

Оқ атулардың қорытындысы бойынша 2-ші танкті ротасының командирі аға лейтенант Азамат Қондыбаевтың жеке құрамы барлық тиісті нормативтерді сапалы әрі жылдам орындап, барлық межелерге дөп тигізді.

Үздік танк командирі ретінде сержант Әбдуғазиз Сейтқожа танылды.