​Маңғыстауда жұмысшылардың жалақысын төлемегендерге айыппұл салынды

0
775

Еңбекақыны уақтылы төлемегені үшін үш жұмыс беруші 600 мың теңгеден астам сомада айыппұл төледі.


​Маңғыстауда жұмысшылардың жалақысын төлемегендерге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Өңірде облыстық прокуратура 763 жұмысшы алдындағы 85 млн теңгеден астам жалақы қарызының төленуін қамтамасыз етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ақтау қаласы прокуратурасының актісімен «АВТМ» ЖШС-нен 190 жұмысшының пайдасына 35 млн теңге өндірілді. Сондай-ақ, «Ынта» ЖШС-і 322 жұмысшылар алдындағы 21 млн теңге қарызын өтеді.Бейнеу және Маңғыстау аудандарында жалақысын ала алмай жүрген 251 жұмысшы 30 млн теңгесін алды», - облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, еңбекақыны уақтылы төлемегені үшін үш жұмыс беруші 600 мың теңгеден астам сомада айыппұл төледі.