Маңғыстаудағы жол апаты үш жігіттің өмірін қиды

0
722

Тағы бір жігіт ауруханаға жеткізілген.


Маңғыстаудағы жол апаты үш жігіттің өмірін қиды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен - Қызылсай тасжолында жеңіл автокөлік пен трактордың соқтығысуынан үш жігіт қаза тапты, тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жатқызылды, - деп жазады tengrinews.kz.

Жол апаты 1 ақпанда таңғы уақытта болған.

"103 қызметінің кезекші пультіне 07:36-да хабар түскен. Жедел жәрдем қызметі 07:38-де оқиға орнына аттанды. Екі бригада шықты. Зардап шеккендер төртеу болған. 22 жастағы жігіт "жабық түрде бас сүйек миы зақымдалған және миы шайқалған" деген диагнозбен Жаңаөзен қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. 1996-1997 жылғы тағы үш жігіт ауыр жарақат алуына байланысты қайтыс болған", - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.