​Маңғыстаудан Арысқа 8 тонна киім жіберілді

0
959

Бұл шаралар әлі де жалғасын табуда.


​Маңғыстаудан Арысқа 8 тонна киім жіберілді

ERNUR.KZ. Арыс жұртшылығына қолдау көрсету мақсатында арнайы гуманитарлық көмек жинау пунктілері ашылып, 8 тонна киім жіберілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалдарында, сонымен қатар «Жастар» ресурстық орталықтарында, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» және «Біз адамбыз-Біз біргеміз» қайырымдылық қоры базасында арнайы гуманитарлық көмек жинау пунктілері ашылды.

8 тонна киім, 6 тонна азық-түлік жиналып, алғашқы гуманитарлық жүк 27 маусым күні темір жол арқылы жөнелтілді. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар қамтылған. Бұл шаралар әлі де жалғасын табуда.

Айта кетейік, облыстың мемлекеттік қызметшілері, дәрігерлері мен мұғалімдері, мұнайшылар мен ірі кәсіпорындары жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды.