Ажырасқан маңғыстаулық қалыңмалды қайтар деп қиғылық салды

0
616

Әйелімен екі жыл тұрған ол ажырасу туралы шешімге келген. Сонымен бірге ол әйелі мен оның туыстарына берген қалыңмалды түгел кері қайтаруды талап етті.


Ажырасқан маңғыстаулық қалыңмалды қайтар деп қиғылық салды

ERNUR.KZ. Маңғыстауда ер адам ажырасқаннан кейін қыз жаққа берген қалыңмалды қайтаруды талап етті, деп жазады Zakon.kz.

Әйелімен екі жыл тұрған ол ажырасу туралы шешімге келген. Сонымен бірге ол әйелі мен оның туыстарына берген қалыңмалды түгел кері қайтаруды талап етті.

"Талапкер жауапкер мен оның ата-анасынан ақшалай 800 000 теңге, гауһар тастар мен зергерлік алтын бұйымдар, екі кілем және тағы 1 615 000 теңге өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінді", делінген "Лада" хабарламасында.

Ер адам жауапкерлер тарапынан өзіне мүліктік зиян келтіргені немесе қандай да бір міндеттемелері туралы дәлелдер ұсынбады.

"Қазақтың салт-дәстүрі бойынша, жастар некелескенде ежелден келе жатқан ғұрыптармен біраз рәсімдер жасалады, бірақ қалыңмал деп берілген материалдық дүниелер мен активтерді қайтару жағы қолданыстағы заңнамамен реттелмеген, яғни тараптар арасында бір біріне өз еркімен сыйға тарту, оны кейін қайтару туралы ешқандай міндеттемелер туындамайды", - деп нақтылады сотта.

Ер адамның талап арызы қанағаттандырылмады.

Алайда, ол апелляцияға жүгініп, онда сотқа шағым бойынша жаңа шешім қабылдауды, куәгерлерді шақыруды және олардан жауап алуды сұрады.

Сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырмай, сот шешімі өзгеріссіз қалды.