Марат Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

0
1 139


Марат Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ERNUR.KZ. Марат Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп жазады Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген жарлықта.

Мұның алдында Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаев болған. Ол Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметіне ауысты.