Масанчи елді мекеніндегі оқиғаға байланысты 47 адам ұсталды

0
691

Олардан екі аңшы қаруы тәркіленген.


Масанчи елді мекеніндегі оқиғаға байланысты 47 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордайдың Масанчи елді мекеніндегі жанжал бойынша 47 адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазіргі уақытта 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардан екі аңшы қаруы тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және соған қатысу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қоғамдық тәртіпті бұзғандардың бәрі де заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында оқиға орнында қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған», - деді Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.