Мәсімов пен Боранбаевтың қайда екені белгілі болды

0
392

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев олардың қай жерде екенін айтты.


Мәсімов пен Боранбаевтың қайда екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Жақында сотталған бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен кәсіпкер Қайрат Боранбаев сот үкімі жарияланғаннан кейін әлі тергеу изоляторында отыр, деп жазады stan.kz.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев олардың қай жерде екенін айтты.

"Жоқ, ол (Боранбаев) әлі тергеу изоляторында. Мәсімов ҰҚК-нің тергеу изоляторында. Әзірге ол қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне келген жоқ”, – дейді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев.

Мейрам Аюбаевтың айтуынша, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары ішкі істер, арнайы органдар, құқық қорғау және сот органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған қылмыстық-атқару жүйесінің екі мекемесінің бірінде жазасын өтейтін болады.

Қазақстанда барлығы мұндай екі мекеме бар: біреуі (орташа қауіпсіздік) – Өскеменде, екіншісі (ең жоғары қауіпсіздік) – Семейде.

Айтпақшы, ҰҚК-де де қызмет еткен Қайрат Сатыбалдыұлы қазір біріншісінде жазасын өтеп жатыр.