"Мәскеуге дейін миллион теңге": Air Astana өкілдері билеттердің қымбаттауын түсіндірді

0
705

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан-Мәскеу рейсіне бір билеттің қазір миллион теңге тұратыны туралы мәлімет тарады.


ERNUR.KZ. Air Astana әуе компаниясы Қазақстаннан Ресейге билеттердің неге қымбат екенін түсіндірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан-Мәскеу рейсіне бір билеттің қазір миллион теңге тұратыны туралы мәлімет тарады.

Әуе акомпанияның баспасөз қызметі мұндай баға рейс трансфермен байланысты болғандықтан пайда болғанын айтады.







"Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағытында тарифтер көтерілген жоқ. Миллион теңге тарифі - бұл екі түрлі авиакомпанияның Ыстамбұл арқылы өтетін бағыты шығар. Біз Ыстамбұлдан Мәскеуге рейстер орындамаймыз, тек Ыстамбұлға ұшамыз, ал одан кейін басқа әуе компаниялар рейстер орындайды", - дейді Air Astana өкілдері.

Тарифтердің көтерілуінің тағы бір себебі орындар мен рейстердің жетіспеушілігімен байланысты дейді әуе компанияның өкілдері.

"Мәскеуге билеттерге сұраныстың жоғары болуына байланысты эконом санатындағы орындар қараша айының соңына дейін сатып алынды. Егер бұрын біз Алматыдан күніне екі рет Мәскеуге ұшсақ, ал Нұр-Сұлтаннан аптасына 11 рейс болса, аптасына 25 рейс болса, енді аптасына бір рет ұшамыз", - дейді әуе компаниясының өкілдері.