Мәулен Әшімбаев жаңа институттың басшысы болды

0
751

«Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті.


Мәулен Әшімбаев жаңа институттың басшысы болды

Сыртқы істер министрлігінің жанынан Сыртқы саяси зерттеулер институты құрылды. Президент кеңесшісі Мәулен Әшімбаев жаңа институтының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырысты ашқан Министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, жемісті жұмыс тіледі.

Директорлар кеңесін ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев басқарды. Институттың негізгі міндеті Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді сараптау болып табылады.