Маусым айында елордаға жауын-шашынның үш айлық нормасы жауды

0
814

Маусымның 1-і мен 27-сі аралығында елордаға 96 мм жаңбыр жауды.


Маусым айында елордаға жауын-шашынның үш айлық нормасы жауды

Маусым айында елордаға жауын-шашынның үш айлық нормасы жауды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған.


«Маусымның 1-і мен 27-сі аралығында елордаға 96 мм жаңбыр жауды. Бұл үш айлық нормамен пара-пар. Ал кеше, 27 маусымда 1 тәуліктің үшінде 39 мм жауын жауды. Ал бір айлық норма 37 мм құрайды», - делінген таратылған ақпаратта.


Айта кетейік, кеше елордада қатты жауын жауып, қаланың бірқатар көшесін су басқан еді.