Мәжіліс пен мәслихат сайлауы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастырады - сарапшы

0
402

Сонымен қатар ол партиялардың Мәжіліске өтуіндегі бұрынғы ерекшеліктерге тоқталды.


Мәжіліс пен мәслихат сайлауы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастырады - сарапшы

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Әлішер Тастенов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Айтуынша, Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауы саяси жүйені түпкілікті қайта жаңғыртып, мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастырады.

Қайта жаңғырту саяси және экономикалық саладағы барлық заманауи сын-қатерлерге төзімді сапалы жаңа теңгерімді саяси модель құруға бағытталған. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы іс жүзінде жүзеге асады. Сапалы жаңа шарттар – алдағы сайлаудың айрықша белгісі. Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтер бойынша сайланады, - деп атап өтті сарапшы.

Сонымен қатар ол партиялардың Мәжіліске өтуіндегі бұрынғы ерекшеліктерге тоқталды.

Бұған дейін партиялардың Мәжіліске өтудегі шекті кедергісі 7-ден 5 пайызға дейін төмендетілген болатын. Саяси партияларды тіркеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді. Атап айтқанда, тіркеу шегі 4 есеге – 20-дан 5 мың мүшеге дейін қысқартылды. Партиялардың аймақтық өкілдіктерінің саны 600-ден 200 адамға дейін қысқартылды. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлау да аралас сайлау жүйесі бойынша 50-де 50 арақатынаста өтеді, - дейді Әлішер Тастенов.

Сондай-ақ мәслихат сайлауында кімдердің дауыс беретінін айтты.

Бұл ретте, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлауда қазақстандықтар тек бір мандатты округтердегі кандидаттарға ғана дауыс береді. Жаңа шарттар мемлекеттік органдардағы қоғамның пікірін, көзқарасын, сұранысын кеңінен көрсетуді қамтамасыз етіп, азаматтық қоғамның тиімді дамуына ықпал етеді, - деді ол.