Медицина мамандықтарына бөлінетін грант саны азайды

0
659

Депутаттың пікірінше, білім гранттарын бөлген кезде дәрігерлер жетіспейтін аймақтарға басымдық берілуі тиіс.


Медицина мамандықтарына бөлінетін грант саны азайды

ERNUR.KZ. Елде медицина мамандықтарына бөлінетін грант саны азайып кетті. Мәжіліс депутаты Сәлімжан Нақпаев осы мәселеге қатысты алаңдаушылығын білдіріп, Үкіметтен грант көлемін ұлғайтуды сұрады, деп жазады 24.kz.

Оның айтуынша, ел өңірлерінде дәрігерлер тапшылығы сезіледі. Мәселен, Атырау өңірінде 219 ақ халатты жетпесе, Батыс Қазақстанға 267 маман қажет болып тұр.

Әсіресе, анестезиолог-реаниматолог, инфекционист, травматолог, пульманолог, эндокринологтар аз көрінеді.

Депутаттың пікірінше, білім гранттарын бөлген кезде осы дәрігерлер жетіспейтін аймақтарға басымдық берілуі тиіс.